"Оқуға қайда барамыз?" атты тақырыпта 9, 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары » "Егінсу орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Егінсу орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқуға қайда барамыз?" атты тақырыпта 9, 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары
05
апрель
2022

"Оқуға қайда барамыз?" атты тақырыпта 9, 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары

"Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Егінсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 5 сәуір күні мектепшілік жоспарға сай, "Оқуға қайда барамыз?" атты тақырыпта 9, 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Жиынға Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінің қызметкері қатысып, оқушыларға техникалық мамандықтарды таңдаудың тиімді жақтарын айтып өтті. 
Оқушының саналы түрде мамандық тандауы - бұл көптеген факторлардың және сол оқушының әлемге көзқарасының қалыптасуымен байланысты құрделі де ұзақ процесс. Мұнда адамның болашақта кім болуын, қандай қоғамдық топта болуын, қайда және кімдермен жұмыс істейтінін және өмір сүрудің қай стилін таңдауын айқындайды. Оқушылардың кәсіби жарамдылығы, медициналық, білімдік, әлеуметтік саяси және психологиялық іріктеу жүргізумен бағаланады.
Мамандықты таңдап алу дегеніміз - өзіне ұнаған мамандықтың оқуына түсу емес, ол адамның мүмкіндіктеріне байланысты, яғни адамның таңдап алған мамандығының талаптарына кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктері, мектептегі үлгерімі, денсаулығы, мінез-ерекшеліктері, ойлау және таным ерекшеліктері сәйкес келуі. Бұл жерде кәсіби жарамдылықтың рөлі ерекше. Яғни әр мамандықтың адамға қоятын талаптары алуан түрлі. Оқушының мамандықты өз мүмкіндігіне сай дұрыс таңдап алуы қоғам үшін де, өзі үшін де тиімді. Себебі, өзің таңдап алған мамандығыңа деген қызығушылығың немесе сол мамандыққа шын ықыласың, сонымен бірге сол жұмысты қоғамның көңілінен шығатындай етіп орындасаң, бәрі де ойдағыдай болуы тиіс.